#Біртұтас_тәрбие#Біргеміз#Волонтер#Ерікті «Біргеміз»
#Біртұтас_тәрбие#Біргеміз#Волонтер#Ерікті «Біргеміз» Мектеп белсенділері – өз еркімен ерікті болуға талпынған мектептің 7-10 сынып оқушыларынан іріктеп, «Біргеміз!» еріктілер тобын құрды. Бәйдібек ауданының білім бөлімінің 29.11.2023ж №1936 санды хатына сәйкес, «Шаян» мектеп-лицей» КММ бойынша 01.12.2023ж. №286 бұйрығымен «Біргеміз» еріктілер ұйымын құру мақсатында МДТІЖО Р.Қожамжарова және тәлімгер Р.Жылқыайдардың қатысуымен 7-10 сыныптар арасында жиналыс өткізілді. Жиында оқушыларға патриоттық әңгімелер, әлемде еріктілердің ықпалымен біткен игі істер, еріктілердің міндеттері айтылды, сондай-ақ «Біргеміз» еріктілер тобының 2023-2024 оқу жылына жасаған жоспарымен таныстырылып, еріктілер тобының жетекшісі болып тәлімгер Р.Жылқыайдар бекітілді. Алдағы уақытта «Біргеміз» жас еріктілер тобы көптеген қоғамға пайдалы істермен айналысатынына нық сеніммен айта аламыз! |