«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары
19
февраль
2024

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары

Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен 23.11.2023ж. аудандық білім бөліміне қарасты Шаян ауылында орналасқан білім беру мекемесі, яғни Шаян мектеп-лицей қызметкерлерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Бүгінгі күнге барша әлем елдерінде орын алып жатқан тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 

Қазақ отбасыларында зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі, алайда көп жағдайда отбасын сақтап қалу ниетімен және қалыптасқан тәрбиеге сәйкес «елден ұят болады деп» әйелдер қауымы орын алған зорлық-зомбылық жөнінде шағыммен жүгінбейді. 

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

Әр адам мемлекеттің азаматы болғандықтан, оны қорғау да мемлекетке жүктеледі.

Сондықтан, кез келген орын алған зорлық-зомбылық әрекеті бойынша заң талаптарына сәйкес жаза тағайындалуы тиіс.

Қазіргі таңда республика және аудан көлемінде зорлық-зомбылықпен бірге алаяқтық қылмыстары көптеп орын алуда.

Алаяқтық қылмыстарының ішіндегі кең таралған түрі – интернет алаяқтық. Бұл қылмыстарды алаяқтар ұялы телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкері немесе тауарлар жарнамалау және сатушы ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен жәбірленушілердің сенімдеріне қиянат жасай отырып, қаражатын иемденеді.

Алаяқтық әрекеттерден сақ болу үшін бөтен абоненттік номерлерден хабарласқан бейтаныс азаматтардың қоңырауларына жауап бермеуді және алаяқтардың нұсқауымен белгісіз ақпараттық бағдарламаларды ұялы телефонға жүктемеу қажет.

Аталған шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және тосқауыл қою, сонымен қатар алаяқтық қылмыстарынан сақ болу мәселелері жан-жақты талқыланды.