«АСЫҚ АТУ» челленджі
«АСЫҚ АТУ» челленджі Түркістан облысы Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты "Шаян"мектеп-лицейінде «Тоғыз айға-тоғыз іс-шара» тұжырымдамасы аясында еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өткізілді. Оқушылар «Бес табан» және Бес асық» ойындарын ойнады. Челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.Ұлдар арасында "Бес табан", Қыздар арасында "Бес асық" ойындары ойнатылды. Ұлттық ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан-ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік. Осы іс-шараны Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Қожамжарова және Назира Молдабекова және дене шынықтыру пән бірлестігі ұйымдастырды. #Тәрбие_жұмысы_және_қосымша_білім_беру_орталығы |