"ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы шеңберінде мектеп кітапханасында 6-7 сыныптар арасында "Қазақ есебі" челленджі
«Қазақ есебі» челленджі өткізілді 2024 жылғы 26 қаңтарында "ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы шеңберінде мектеп кітапханасында 6-7 сыныптар арасында "Қазақ есебі" челленджі математика пәні мұғалімімен бірлесіп өткізілді. «Қазақ есебі» челленджі профессор, ғалым – математик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналды. Іс-шараның мақсаты: математикалық есептерді шешуде оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық және сыни ойлауын дамыту; оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ояту; математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету. Кітапхана меңгерушісі Қ.Қонысова Асқар Жұмаділдаевтын өмірбаянымен таныстырып, математикалық тапсырмалар орындау барысында балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл оқушылардың стандартты емес, ойын-сауық, логикалық тапсырмаларды орындауды ұнататынын дәлелдейді.6 сынып оқушысы Абдикадир Санжар есептің шешуін алғашқылардың бірі болып шешсе, Берик Абдолла есепті ауызша шешуге шебер екеніндігін көрсетті. 7-сынып оқушыларына да профессор, ғалым – математик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының өмірбаянын бейнеролик арқылы таныстырылып, ғалымның авторлық есептерін шығаруға берілді. |