КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2022

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Конкурс жариялаған орган атауы: Түркістан облысы, «Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурс жарияланған бос/уақытша бос лауазымның атауы: «Дебат» үйірмесінің жетекшісі

Орналасқан орны, білім беру мекемесінің толық атауы: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:            Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

       Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттеріЛауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Пікірталастыру, ұстанымдардың қарама-қайшылығы, талқыланып   отырған  материалдың    мазмұнына   ерекше маңыз беру секілді пікірталас элементтерін оқытудың барлық формаларында, лекцияларда  қолданады. Білім алушылары мен тәрбиеленушілерге көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау, өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі анық қою, оппоненттің ой-тұжырымына құрметпен қарауды үйретеді.   Оқушылардың белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту таным процесін дамытады. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

     Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата-аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
       Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының 
Конституциясын мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»"Қазақстан Республикасының тілдер туралы""Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
       біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
       біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
       біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк жарияланымдардың болуы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
       біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
       біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне сәйкес 62293теңгеден –74150 теңгеге дейін.

Конкурс өткізу орны және күні: 2022 жылдың 10-13 желтоқсан аралығы.

Бәйдібек ауданы «Шаян көпсалалы лицей – жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орыны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннен кешіктірмей Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы №88 «Шаян көпсалалы лицей – жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде  қабылданады.

Анықтама телефоны: 8/72548/2-17-88.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат  (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және фото 
  4. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу  құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі –ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша      бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

         

Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі