Есірткіге жол жоқ » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2022

Есірткіге жол жоқ

Бәйдібек аудандық "Шаян көпсалалы лицей -жалпы орта мектебі"   мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022  жылдың 25 қаңтар "Есірткіге жол жоқ"  тақырыбында оқушылар арасында сурет    байқауы ұйымдастырылды. 
Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді.  Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Осы атаулы сурет байқауында белсенділігімен көзге түскен оқушыларды атап айтар болсақ.
6 "Ә" сынып оқушысы Анарбек Мөлдір,  7 "А" сынып  Кіребек Гүлбаршын, Тұрсынбай Аяулым. 8 "А" Махмуддин Нұрай, 8 "Ә" Есіркеп Данайа,  Ыдырыс Шұғыла.