"Нашақорлыққа жол жоқ" сурет байқауы
Түркістан облысы Бәйдібек ауданды Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 жылдың 15 қарашасында "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді.Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді. Осы атаулы сурет байқауында белсенділігімен көзге түскен оқушыларды атап айтар болсақ. 6 "Ә" сынып оқушысы Анарбек Мөлдір, 7 "А" сынып Кіребек Гүлбаршын, Тұрсынбай Аяулым. 8 "А" Махмуддин Нұрай, 8 "Ә" Есіркеп Данайа, Ыдырыс Шұғыла, Болат Әсел. |
