8-сынып оқушыларымен тренинг сабақ өткізілді » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

8-сынып оқушыларымен тренинг сабақ өткізілді

Бәйдібек ауданының білім бөлімі»     мемлекеттік мекемесінің №301 хатына сәйкес  «Шаян» мектеп – лицей»  КММ-де «Қауіпсіз мектеп-қауіпсіз бала» тақырыбында онкүндік іс-шара аясында 19.02.2026ж күні «Қауіпсіз мектеп-қауіпсіз бала» алдын алу күні (буллинг, кибербуллинг) тақырыбында 8-сынып оқушыларымен тренинг сабақ өткізілді.   Бұл сабақта оқушыларға буллинг және кибербуллинг туралы түсінік берілді. Буллингтің түрлері, оның зияны және алдын алу жолдары түсіндірілді. Оқушыларға бір-біріне құрметпен қарау, қиын жағдайда үлкендерден көмек сұрау керектігі айтылды. Сабақ барысында мысалдар келтіріліп, пікір алмасу жүргізілді.     Аталған тренинг білім алушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, сенімді әрі қауіпсіз орта құруға бағытталды. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысты. Тренинг өз мақсатына жетті деп бағаланады.


https://www.facebook.com/share/

r/1JRu436NoH/?mibextid=wwXIfr