Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіш
"ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТ - ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ КӨРСЕТКІШІ" “Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 11.02.2026 жылы 8-11 сыныптарға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Қожамжарова,педагог-ұйымдастырушы А.Кумекова, "Бәйшешек" қыздар ұйымының төрайымы М.Хожамуратованың қатысуымен " көрсеткіші " тақырыбындағы ақпараттық науқанның жоспары таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Науқанның мақсаты – некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне байланысты құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамда нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру. Негізгі месседж: қыздар мен әйелдер ерекше қорғауды қажет етеді, ал оларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез - келген көрінісі қоғам тарапынан бейжай қалмауы тиіс. Түсіндірме жұмысы барысында әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, сталкинг және харасмент тақырыптары бойынша кеңінен ақпарат берілді. «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» дегеніміз – белгілі бір қоғамда әйелдердің құқықтарының қорғалуы, олардың білім алуға, еңбек етуге, басқару ісіне қатысуға тең мүмкіндіктерінің болуы және оларға деген сыйластық пен қауіпсіз ортаның қамтамасыз етілуі сол қоғамның өркениеттілігі мен мәдениетінің жоғары екенін білдіреді. Яғни, әйелді қадірлеу мен қорғау деңгейі – мемлекеттің әлеуметтік, құқықтық және адамгершілік тұрғыдан қаншалықты дамығанын көрсететін маңызды өлшем. #ӘйелгеҚұрметКөрсету #ҚоғамныңДамуДеңгейініңКөрсеткіші
|

