Тілімде менің сыры терең жаным бар»
#балаларкітапханасы #М.Мақмтаев 95 жыл "Шаян"меатеп-лицей" КММ кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының алыбы, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Тілімде менің сыры терең жаным бар» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кештің негізгі мақсаты ақынның бай рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа поэзияның құдіретін таныту, Мұқағали шығармалары арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке, ел мен жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. Шара барысында кітапхана оқырмандары мен қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағыналы мәліметтер алып, жүрекке жеткен жырларынан үзінділер оқыды. Мұқағали поэзиясының терең философиялық мәні, адам жанының нәзік қырларын бейнелеуі туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Кеш соңында қатысушылар Мұқағали жырларының мәңгілік құндылық екенін атап өтіп, рухани әсермен тарқасты.
|

