Қауіпсіздік – әр адамның құқығы»
"Бәйдібек ауданының білім бөлімі" ММ-не қарасты "Шаян" мектеп-лицей" КММ-де 06.02.2026 ж, күні 5-7 сынып оқушыларына «Сталкингті тоқтат! Қауіпсіздік – әр адамның құқығы» тақырыбында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық қорғанысын күшейту мақсатында МДТЖО Р.Қожамжарованың ұйымдастыруымен түсіндірме сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға сталкинг ұғымын, оның қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында кездесетін түрлерін жан-жақты түсіндірілді. 📖 Түсіндірме сабағында қарастырылған негізгі мәселелер: 🔹 Сталкинг деген не және оның белгілері 🔹 Онлайн және офлайн сталкингтің айырмашылығы 🔹 Әлеуметтік желілердегі жеке қауіпсіздік 🔹 Сталкингтің психологиялық және әлеуметтік салдары 🔹 Қауіп төнген жағдайда не істеу керек, кімге жүгіну қажет Оқушыларға нақты өмірден алынған мысалдар бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік ережелері мен өзін-өзі қорғау дағдылары да нақты берілді. Сонымен қатар, жеке шекараны сақтау, біреудің жеке өміріне қол сұқпаудың маңыздылығы, өзгені құрметтеу мәдениеті ерекше атап өтілді. 🗣️ Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Тәрбие жөніндегі орынбасары әр оқушының қауіпсіздігі – мектептің басты міндеті екенін атап өтіп, кез келген мазасыз жағдайды жасырмай, ересектерге дер кезінде хабарлау қажеттігін ескертті. 🛡️ Қорытындылай келе: Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Әр бала өзін мектепте де, қоғамда да қауіпсіз сезінуге құқылы. #Адал_Азамат #СталкингтіТоқтат #ҚауіпсізМектеп #ТәрбиеЖұмысы #БалаларҚауіпсіздіг #ҚұқықтықСауаттылық
![]() ![]() |

