"Шаян" мектеп- лицей" КММ 27.01.2026 күні 11- сынып оқушылармен жоғарғы оқу орындарының арасында кездесу болды.Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университетінен жауапты маман "Экономика және менеджмент" кафедрасы PhD докторант аға оқытушы Гүлсезім Жасанқызы келіп оқу орны жайлы бізде 51 бакалавриат,12 магистратура бағдарламасы бойынша жан -жақты түсіндірме жұмысын жүргізді.Оқытудың артықшылықтар мен оқуға түсу тәртібін рет -ретімен баяндап берді.Ж.А Тәшенов атындағы университеті заманауи оқу ғимараттары,зертханалар, кітапханалар,соңғы үлгіде жабдықталған жабық спорт алаңы мен студенттер үйі бар.Университетте студенттер үшін жеңілдіктердің икемді жүйесі қарастырылған.Оқуға түсу үшін дұрыс таңдау жасау керектігін айтып,өз ойын түйіндеді.Кәсіптік бағдар беру педагогы Н Ауелбекова

|