"Заң және тәртіп" он күндігі аясында "Шаян" мектеп лицей" КММ де " БІЗ АЛКОГОЛЬ мен ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ! " ұранымен дене шынықтыру пәні бойынша үйірме жетекшісі Асанбаев Нұржан спорттың баскетбол түрінен жоғары сынып оқушылары арасында мектепішілік біріншлік жарысын ұйымдастырып өткізді. Келген командалар жақсы ойындарымен көзге түсті. Негізгі мақсаты мектеп құрама командасын жасақтау үшін өткізілген жарыста жүлделі 1-орынды 9 А сыныбы иеленді. 2-орынға 8 сыныптар құрама командасы және 3-орынға 9 Ә сыныбы қол жеткізді. Оқушылар арасында өзара татулық пен достықты нығайту,салауатты өмір салтын қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Ендігі кезекте спорттың басқа да түрлері бойынша жарыстар өткізу дайындықтары жүргізілуде.
https://www.facebook.com/share/p/1A8JirxctM/?mibextid=wwXIfr |
 
|