”Заң мен тәртіп”тақырыбы
Бәйдібек ауданының білім бөлімінің 66 санды хатына сәйкес”Заң мен тәртіп”тақырыбымен он күндік іс-шара жоспарына сәйкес “Шаян” мектеп-лицей”КММ-де 20.01.2026ж күні Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылық профилактикалық бойынша ақпараттық үндеу хаттарын таратып,білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді: Аталған кезеңде оқушыларға арналған құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша ақпараттық және үндеу хаттар дайындалып, сыныптар арасында таратылды. Үндеу хаттарда оқушыларды заң талаптарын сақтауға, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақыратын мазмұн қамтылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылық арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды.
|
