«Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шара » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шара

Балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретуге,көшеде және жолда қауіпсіз жүріп тұруды қалыптастырға арналған жолда жүру сақтық шараларын жоспар бойынша жүргізу жүзеге асуда.Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Осыған орай «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де әр айға бекітілген жоспар бойынша қаңтар айындағы «Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шаралар жасақталып, өткізілді.Аталған тақырып бойынша бастауыш сыныптарда анимациялық бейнероликтермен көрнекі құралдар арқылы түсіндірілді.Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз оқушыларға жол ережесі туралы мағлұмат беру, жол қатынасы ережелерін меңгерту. Жолда жүрген сәттерде қауіпсіздікті қалыптастыру, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру, оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу


https://www.facebook.com/share/p/1BVZgpD5tm/?mibextid=wwXIfr