«Күзгі балл - 2025» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

«Күзгі балл - 2025»

14.11.2025ж күні «Шаян» мектеп-лицей КММ-де  «Күзгі балл - 2025» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылығын, талантымен өнерін қолдау, эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және күзгі табиғаттың әсемдігін насихаттау. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 3- кезеңнен тұрды: 1.Таныстыру. 

2.Өз өнері

3.Сән үлгісі

Қатысушылар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, сән көрсетілімдерімен көрермендерді тәнті етті. Оқушылар белсенділік танытып, мектеп ұжымының және көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Байқау жеңімпаздары жүлделі орындармен және түрлі номинациялармен  марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.     9 «А» сынып оқушылары  Көшербай Әлиханмен  Болысбек Аяулым  «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атанды. Күздің әсем безендірулері, оқушылардың жарқын өнері мен көтеріңкі көңіл – күйі бұл кешті ерекше есте қалдырды.


https://www.facebook.com/share/v/174wTMSQiJ/?mibextid=wwXIfr