5-11 сынып оқушыларынан жалпы "Ұлттық диктант" алынды.
5-11 сынып оқушыларынан жалпы "Ұлттық диктант" алынды. 2025-2026 оқу жылында “Шаян” мектеп-лицей”КММ-і, Түркістан облысының білім басқармасы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының 19.09.2025 жылғы №ЗТ -2025-03259026 санды хатын негізге ала отырып, мектеп оқушыларының қатысуымен "Ұлттық диктант" іс-шарасы болып өтті. «Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба. Негізгі мақсаты – Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әр азаматқа сауатты жазудың тек білім өлшемі емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және тілге деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруға бағытталған. 5-11 сынып оқушылары арнайы хатпен келген Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» , “Отан” мақалаларынан үзіндіні онлайн, офлайн форматта үздік жазып, алғыс хатпен марапатталды.
|

