«Адал азамат» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа адалдық пен адамгершілік ұстанымдарын бойына сіңіру
Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз — тек білім беруші емес, ұрпақтың рухани тәрбиешісі, ел болашағының жарқын жолын қалыптастырушы. Бүгінгі күні Сіздер – жаңашыл ойлайтын көшбасшы, заманауи цифрлық технологияларды еркін меңгерген, жас буынның үлгі тұтар тәлімгерісіздер. Ұстаз кәсібі — ел дамуының стратегиялық негізі.Осы жолда Сіздердің білімге, тәрбиелеуге, шығармашылыққа сіңіріп жатқан еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Бүгінде мемлекетіміз ұстаз мәртебесін көтеруге, қаржылай және кәсіби қолдауға ерекше мән беріп отыр. Бұл — Сіздердің ел болашағына қосып жатқан зор үлестеріңіздің бағалануының белгісі. Жаңа заман талабы – инновациялық ойлау, «Адал азамат» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа адалдық пен адамгершілік ұстанымдарын бойына сіңіру – Сіздер атқарып жатқан ұлы істің бір бөлігі. Осы айтулы күні баршаңызға мықты денсаулық, кәсіби табыс, отбасылық береке мен шығармашылық шабыт тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, шәкірттеріңіз биік белестерден көріне берсін! #ҰстазғаТағзым #ұстаздаркүні |
