1 қазан күні Қарттар күніне орай
2025 жылдың 1 қазан күні Қарттар күніне орай "Шаян" мектеп-лицей" КММ-нің оқушылары мен 7"Б" сынып оқушылары мен ұстазы М.Жұматаеваның ұйымдастыруымен Шаян ауылымыздағы "Тең қоғам" мекемесіне барып, ондағы ардагерлер мен қарт ата-аналарды арнайы құттықтап қайтты. Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін қалыптастыру, қарттарымыздың өмірлік тәжірибесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, оларға көңіл бөлу және мейірім сыйлау болды. Оқушылар ардагерлерге арнап ән айтып, өлең оқып, жылы лебіздерін білдіріп, өздерінің шығармашылық өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, кішігірім сыйлықтарын тарту етті. Бұл құттықтау қарттар үшін де, оқушылар үшін де тәрбиелік маңызы жоғары, жүрекке жылулық сыйлаған әсерлі кездесу болды. Хэштегтер: #ҚарттардыҚұрметтейік #ҰрпақтарСабақтастығы #ШаянМектебі
![]() ![]() |

