(«Түнгі оқу» бұрышы)
«Кітапхана түні» акциясы («Түнгі оқу» бұрышы) Мақсаты: Кітап оқуға қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. «Түнгі оқу» бұрышы 6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылып , оқушылар өлең оқып, әңгімелермен бөлісті. Әдеби кеш түрінде өтті. Бұл акция оқушыларды ерекше форматта кітап оқуға баулиды. Түнгі атмосферада дауыстап оқу, поэзия оқу және әңгіме айту ұйымдастырылды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Оқырмандар кітапханадан М.Мақатаевтың, Т.Молдағалиевтың, С.Торайғыровтың ,Р.Тұрдалиеваның кітаптарын алып мәнерлеп оқып берді. Іс-шара әсерлі өтті. Оқушылар белсенділік танытты.
|
