«Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы
#қауіпсізбалалықшақ “Шаян “ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29.04.2026 жылы Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушыларға арналған ашық форматтағы онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуде Түркістан облысы прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: - Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру; - Интернеттегі қауіпсіздік; - Зорлық-зомбылықтың алдын алу; - Мектеп пен көшедегі тәртіп сақтау; - Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Жиналыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, азаматтық жауапкершілік жайлы мағлұмат алды. Кездесу оқушыларға оң әсерін беріп өз дәрежесінде өтті.
|
