«Халықаралық - балалар кітабы» күні
2 сәуір «Халықаралық - балалар кітабы» күні Мақсаты: - Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру; - Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту; - Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушының кітап оқу арқылы шығармашылық қабілеттері мен тіл байлығы дамиды. Талап қыл артық білуге, Артық білім кітап,- деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр - сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден - бір жолдың ордасы – кітапхана. 2 сәуір – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Бұл күн 1967 жылы халықаралық балалар кітабы кеңесі тарапынан белгіленген және жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен байланыстырылған. Оның ертегілері әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылған және балалық шақтың классикалық шығармалары болып саналады. Қазақстанда балалар әдебиетінің дамуы маңызды мәселе болып табылады. Елде көптеген жас жазушылар мен ақындар балалар үшін шығармалар жазуда. Қазақ әдебиетінде балаларға арналған ертегілер мен әңгімелердің маңызды орны бар. Елімізде бұл күнді атап өтуде түрлі іс-шаралар, кітап көрмелері, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Балаларға арналған кітаптар мен ертегілердің маңызы зор, өйткені олар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Барысы: «Кітап та алма ағашы Жемісін біздер теретін Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін»деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар-сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығанның,тоқығанның көп болса жеңілмейтін жау, алынбатын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек. «Жақсы кітап жан азығы» атты кітап көрмесімен таныстыру . 1-оқушы: Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар-біздің ең жақын ақылшымыз. 2-оқушы:Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет? 3-оқушы: Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек. 4-оқушы: Адамның досы-кітап,өмір кілті, Тең келмес оған барша жиған мүлкі Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы, Асыл ғой қазынасы,өмір көркі 5-оқушы: Саған білім жемісін Оқулығың береді Талай адам сол үшін Маңдай терін төгеді. Ханшайым:Орманның аялы Алақаны өсірген Сонау ағаш саялы Қағаз үшін кесілген 6-оқушы : Ағаш кесіп қанша адам, Ормандарда жүреді Аға қанша шаршаған Ағаш тиеп үнемі 7-оқушы: Оқулықты баршаға Талай ғалым қолға алып, Жылдар бойы қаншама Жазады ұзақ толғанып. Кітапты күтіп ұстау жөнінде айтылған қандай ережелер бар екен? 1.Кітаптың бетін шимайлама. 2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек. 3.Кітаптың беттерін бүктеме. 4.Кітаптың мұқабасын тыстап қой. 5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар. 6.Кітап бетіне сурет салма. Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ғұлама ақын-жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер? 1-оқушы: Кітап маған тақтан да қымбат. 2-оқушы: Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей. 3-оқушы: Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең, Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем! Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем. 4-оқушы: Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. 5-оқушы: Кітап-асып таспайтын асыл досымыз. Асыл қазынамыз-кітапты қадірлей білейік!
![]() ![]() |

