«Жылдың үздік дефектологы»
Облыстық "Білім беруді дамыту орталығының" КММ-нің 10.03.2026ж №290 санды шығыс хатына сәйкес дефектолог, логопед мамандарына арналған «Жылдың үздік дефектологы» облыстық байқауы 2026 жылы 26 наурыз күні Түркістан қаласы, № 34 жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілді. Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын дефектолгия, логопедия саласының педагогтерін анықтау, қолдау, мадақтау, озық инновациялық жұмыстарды насихаттау. Нәтижесінде: Аталған байқауға "Шаян мектеп-лицей" КММ-нің дефектолог маманы Нуртаева Гулдина Паримбековна қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді. Қатысушылар байқаудан керемет әсер алып, бір-бірімен тәжірибелер алмасты. Алдағы уақытта да осындай сынды байқаулар көптеп ұйымдастырылса деген ұсыныстарында айта кетті.
|
