"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған экскурсия » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған экскурсия
29
октябрь
2024

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған экскурсия

2024 - 2025 оқу жылын басталу қарсаңында "Шаян" мектеп - лицей" КММ - де мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21- ші тамыз күні "Туған өлкеге саяхат" ұранымен қайрымдылық экскурсиясы өткізілді. Мақсаты "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған экскурсия барысында оқушылар туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, жазғы демалыстарының бір күнін қызықты етіп өткізу еді. Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысып, оқушыларды туған өлкеміздің "Бәйдібек ата", "Домалақ ана", "Ақ мешіт" үңгірі, "Тау шыңы" оқушылар лагері және "Қос ана" кесенелеріне барып, керемет жерлерімен таныстырып, саяхат жасады. Оқушыларға автобуста жол қысқарту мақсатында түрлі сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылып, арасында жеңіске жеткен жеңімпаздарымызға сыйлықтар берілді. Бір күндік саяхаттан балалар өте керемет әсер алды. "Туған өлкеге саяхат" ұранымен қайырымдылық экскурсиясына шыққан оқушыларымыздың ата - аналары мектеп басшысына және мектеп ұжымына үлкен алғысын білдірді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1224795428659245&set=pcb.1224870318651756&__cft__[0]=AZWPSQT4UJ_OV1lXFvSj9pTitTCR3HO-NnXYRQUq0NPYBl58EcVHZsB1B5DL0QMrJrJqLt3NI08Tep0o58ceUiu08J6hyKPWsl8Ogh1ijd_WXaiQdSGEAks4DazW7jWAPgV7jFlrt2eeBGoMfpYx-kl6VZPrizsmK-9Z5NenyvGxrw&__tn__=*bH-R