19
апрель
2024
"Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз!"-атты акцияға
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөліміне қарасты “Шаян” мектеп -лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз!"-атты акцияға, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Тұрсынбеков Серік және Әуезханов Қанат ағайлардың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында мектеп ауласында құс ұяларын бекітті.
Мақсаты: Оқушылар әр ұяның ішіне бір уыс бидай шашып, қыс мезгілінен қиыншылықпен шыққан құстар мен құрт-құмырсқа зиянкестерден қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның тәрбиелік мәні зор. Әр бір оқушы құстар біздің досымыз екенін сезіне отырып, табиғат жанашыры болып, нағыз еліміздің білімді азаматтары болуына сенеміз.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1118448055960650&set=pcb.1118448442627278&__cft__[0]=AZUKxPzKIf7sDYQwHHL4ODZUriPeOqDVJ4sCWPu3mVeoz-lvgD-c2c_YcR_X2N0B77t_MoCneJmdk5fK8AAXIo5fCfazVhfR7-46h30gyRmtQ58rhpIYNsLDOXQSei85i_nSZNFYgIqhdfx1JAwL-ypd-AW_VjrXG1Mpboemejyb1A&__tn__=*bH-R