«Үйрен жақсы әдептен» атты ата-аналар сағаты
“Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 07.02.2024ж. мектеп кітапханасында ата – аналар мектебі жобасы аясында «Үйрен жақсы әдептен» атты ата-аналар сағаты болып өтті. Ата – аналар сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен, әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Халық өнегесін үйрету, ұлтымыздың дәстүрінен үлгі алу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да отбасы. Қазақ халқы, мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тәрбиесін сіңіре бастайды. Мұнда отбасының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұясы, қуаныш ошағы екендігі қарапайым тілмен әдіптеле түсіндірілді. Шаян ауыл әжелер алқасының төрайымы Ә.Әлиева отбасы жайындағы сұрақтарға жауап беріп, оқушыларымызды әдепті, инабатты болуға шақырды. Бәйдібек аудандық «Ұрпаққа аманат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы , ардагер ұстаз А.Абубакирова қыздарға тәлім-тәрбие берудің мәні туралы айтып өтті. М.Тәжиева қыздарымыздың қойған сұрақтарына жауап беріп, қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тәрбие беретін ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өтті. Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы, «Домалақ ана» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі М.Ормаханова отбасы құндылықтарына тоқталып, Абай атамыздың оныншы қара сөзін талдап, түсіндіріп берді. Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты : заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салдық. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал-мәтелі, тиым сөздері тәрбиенің мол мұрасы екендігін оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік.Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес мол қазына. Бүгінгі ата-аналар сағатында өздеріңіз куә болған дәстүрлерді естеріңізге сақтап саналарыңызға сіңіріп,өмірде қолдана біліңіздер.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін салт-дәстүрінің жанашыры болатыны аян. |

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1109831240155665&set=pcb.1109831833488939&__cft__[0]=AZVoIJW6-Cxai3UpAi7KSrpVUqJCmQYdR4fqD3BeJCfS92QN2PDbIHaIr5lwljY2FpaquOcUJep28utyIAvEMSOynAWtTDjjSg1l5SzsK_sStT773gkzLS7PJTp6vjpzWHNvjR1gn6Cx-bReKzRESEBc1KRGSfV_ADHH3TNIzhmzSA&__tn__=*bH-R |