10 «А» сынып оқушыларымен "Халықаралық сайлау күні", "Мен және менің дауысым" атты сынып сағаты
«Шаян» лицей мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29.01.2024ж күні 10 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Асан Сандуғаш дүниежүзілік сайлау күні аясында сайлау учаскелерінің мүшелері патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында 10 «А» сынып оқушыларымен "Халықаралық сайлау күні", "Мен және менің дауысым" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетхан Амизов қатысты.Ол сайлау процессі, әрбір азаматтың дауысының маңыздылығы туралы айтып берді. Әрбір болып жатқан сайлауға барлық 18 жасқа толған азаматтар қатысуға құқылы екендігі, сайлауға келу олда жауапкершілікті білдіретіндігін айтты. Комиссия төрағасы Д.Амизов осы отырған оқушыларда 2-3 жылда сайлауға келуге құқылы және барынша барлығы жауапкершілікпен сайлауға қатысуға шақырды. Одан соң сынып жетекші С.Асан жалпы халықаралық сайлау 2005 жылдың 4-17 қыркүйегінде Венгрияның Шиофок қаласында Дүниежүзілік сайлау конференциясы өтті, оның шешімдерінің бірі Дүниежүзілік сайлау күнін құру болды. Содан бері бұл мереке жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетіндігін, бұл азаматтардың сайлауға қатысу құқығын және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіретіндігін айтты. Ақпарттар беріліп болған соң оқушыларға сұрақтар қойылды. Сұрақтар өз еліміздегі Конститутция жайында, сол заңның ішінде сайлау туралы жайлы жазылған тұстары, Тұңғыш Президентімізді қай жылы сайлағанымызды және осы уақытқа дейін неше рет сайлағанымыз туралы сұрақтар қойылды. Сұрақтарға оқушылардың барлығы белсене жауап берді. Сұрақ жауаптан соң, топтық жұмыс жасалды. Үш топқа сұрақтар берілді. Бірінші топқа «Болашақта Президент сайлауын қай жерде өткізер едің»? Неге? Екінші топқа «Сайлауды белсенді өткізу үшін қалай ұйымдастырар едің?», «Электронды сайлау тиімді деп ойлайсыңба?(пандемия, карантин кезінде)» . Осы үш сұрақ төңірегінде оқушылар постер қорғады. Барлықтары өз ойларын тұжырымдап, қағазға түсіріп, белсене қатысты. Постер құруда өзара басқа топ арасында келіспеушіліктерде өз ойларының дұрыстығында айтып жатты. Бұл оқушылар арасында қызу талқыға түсті. Сабақ соңында сынып жетекші сайлауға әрбір Қазақстанның 18-жасқа толған азаматтары мен азаматшасы қатысу керектігін, сайлау арқылы өз болашағымызды айқын дұрыс құратынымызды, әрбір адам өзіне жүктелген міндет екендігін ұмытпау керектігін айтты. |