«Ашық есік күні» - мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.01.2024 жылы мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастылырылды. Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау. Мектеп бойынша бастауыш сыныптар бойынша 228 оқушы, 30 оқушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы бойынша 30 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Асханадағы «Ашық есік» күніне ата –аналар төрайымы М.Ормаханова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Одаманова, мектептің әлеуметтік педагогы К.Әбішбекова, мектеп медбикесі мен әр сыныптан ата-аналары келіп, бірге мектеп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы, санитарлық талаптардың орындалуы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен танысып шықты. Мектеп асханасында ас мәзірі аудандық білім бөлімінің келісімімен бірге жасалған. Оқушылардың тамақтану кестесі құрылған. Дайын астын күндік сынымысы алынып, тоңазытқышта сақталған. Астың бір оқушыға тиесілі нормасы сақталған. Оқушылар ауыз сумен қамтылған.. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерден тамақтау уақытында кезекшілік құралған. Асханада бейне бақылау камералары орнатылған. Ата-аналар атқарылып жатқан іс-шаралармен танысып ризашылықтарын білдірді. |