«Отбасындағы әкенің ролі» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие. Бәйдібек ауданық білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру және Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің №30-1-133/2147 санды хатына сәйкес «Әке – отбасының тірегі», «Отбасындағы әкенің ролі» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өткізіліп, оған ауданымыздың құрметті азаматтары, журналистер, жазушылар, ардагерлер мен 1-11 сыныптар бойынша әкелер мектебінің төрағалары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты — Әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлін айқындап, отбасында зорлық-зомбылықты болдырмауға, ата-анамен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға, сондай-ақ баланы үлкеннің сөзіне тоқтай білу мәдениетіне тәрбиелеуге жағдай жасау. Дөңлелек үстелді мектеп-лицей директоры Дәулетхан Жылқайдарұлы Амизов жүргізіп отырды. Қонақтар «Әке балаға қандай құндылық береді?», «Үлкеннің сөзіне тоқтау мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?», «Қазіргі қоғамда әке ықпалы неге әлсіреуде?» , ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау сияқты маңызды сұрақтар бойынша терең талқылау жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. * Ата-аналар комитеті мен әкелер мектебінің төрағалары — отбасы тәрбиесіндегі әке рөлінің өзектілігі жайлы өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, Серікбай Тұржан атамыз бүгінгі қоғамдағы әке беделі мен отбасы алдындағы үлкен жауапкершілік жайында маңызды тұжырымдар жасаса, жазушы Бағдат Қалаубай отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермей тату-тәтті өмір сүру өнегенің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы салмақты пікір білдірді. Психологиялық және тәрбиелік бағыттағы сұрақтар төңірегінде қонақтар мен ата-аналар белсенді түрде пікір алмасып, әр сұраққа жан-жақты жауаптар берді. Бала тәрбиесіне байланысты жағдаяттық жағдайлар баяндалып, әкенің мінезі мен қарым-қатынасының бала тұлғасының қалыптасуына әсері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларды журналис С.Тұржан атаның 2025 жылдың 3 қазан күні «Algabas» газетінде «Осы бір оқиға әлі есімнен кетпейді»тақырыбында және Оңтүстік Қазақстан газетінің 2025 жылдың 21 қазан күнгі №84 шыққан «Бізге «Түрме тәрбиесі» керек пе?, «Үлкендер тәртібі» керек пе?» тақырыбындағы мақалалары жалпы көпшілік арасында қызу талқыланып жатқаны қызықтырып, дөңгелек үстелде мақала төңірегінде қызу әңгіме өрбіді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі осы аталған мақала жайында баяндама жасаса, оқушылар Қалауов Азамат, Әлібекқызы Іңкәр, Болысбек Аяулым журналистің туындыларынан үзінді оқып, өз көзқарастарын жеткізіп, өздері оқыған шығармалардан түйген тәрбиелік ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар «Жақсы әке – қандай әке?» тақырыбында өз пікірлерін айтып, зорлық-зомбылықсыз отбасы өмірі жайында және әр әке баланың бойына сіңіруі тиіс басты бес қасиетті айқындап шықты. Іс-шара отбасындағы ата-ана соның ішіндегі әке тәрбиесінің маңызын көтеріп, ұрпаққа үлкенді құрметтеу, сөзге тоқтау, жауапкершілік пен өнеге сіңіру мақсатында жоғары деңгейде өтті. Ақпарат беруші: МДТЖО Қожамжарова.Р.С.
|

