09
декабрь
2024
25 ҚАЗАН -РЕСПУБЛИКА КҮНІ
| "ШАЯН" мектеп-лицей" КММ-де 24.10.2024 ж, күні ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ МЕН БІРЛІГІН ҰЛЫҚТАП, МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН РЕСПУБЛИКА КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА «25 ҚАЗАН -РЕСПУБЛИКА КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫМЕН ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Жас жеткіншектерді, Туы тұғырлы, ертеңі жарқын, келешегі кемел, болашағы бақытты Тəуелсіз Республикамыздың төл мерекесін кең көлемде атап өту мақсатында өткізілген іс-шараға мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы М.Ормаханова, Шаян ауыл округінің әжелер алқасының төрағасы Ә.Әлиева, ата-аналар, мектеп ұжымы арнайы қатысып, оқушылардың мерекелік тартуын тамашалап, 2,5-сынып оқушыларының біріңғай "Жас Ұлан, Жас Қыран" ұйымына қабылдап, төс белгілері мен мойынтақтарын тағып құттықтады. Көк байрағы көкте желбіреп, Əнұраны асқақтап, кемел келісім тапқан еліміздің төл мерекесін ұлықтау мақсатында мектепте ұйымдастырылған апталық қорытындысы бойынша және бірқатар мерекелік марапаттаулар берілді. Тəуелсіздік-бабаларымыздың қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз. Дала төсінде тербеліп тұрар Тəуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктіретіндігі ақиқат. Жас жеткіншектеріміз бүгінгі іс-шарада əуелете əн шырқағандары ата-бабамыз аманаттаған тəуелсіздік деген тартуының жемісі. Мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Одаманова Дина Ниязқызының мерекелік құттықтауы, ілтипатқа толы сөздерінен жас жеткіншектеріміз өнеге мен тәрбие ала білді. Елдің бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін үстем еткен Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға келген қонақтар мен ата-аналардың тарапынан оң бағасын алды. МДТЖО Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы #Біртұтас_тәрбие #тәрбие_құндылық_бөлімі #даналық_мектебі #ата_аналарды_қолдау_орталығы https://www.facebook.com/share/v/1CAV4Kmvsx/ |