“Қыз өсірсең ұятымен”тақырыбы
Бәйдібек ауданының білім бөлімінің 66санды хатына сәйкес”Заң мен тәртіп”тақырыбында он күндік іс-шара жоспарына сәйкес “Шаян”мектеп -лицей “КММ-де 29.01.2026ж күні “Қыз өсірсең ұятымен”тақырыбында Мектебімізде 8–11 сынып қыздары арасында тәрбиелік-танымдық кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған акушер-гинеколог Тәжібаева Теңгеш қатысып, қыз балаларға жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер, қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу және болашақ ана болудың жауапкершілігі туралы маңызды мағлұматтар берді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Кездесу қыз балалардың денсаулығын қорғау мен дұрыс өмірлік көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
![]() ![]() |

