"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"
Бәйдібек аудандық "Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 жылдың 30 қарашасында "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбында көркем сурет байқауы өткізілді.
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп туған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр Қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс екендігін айта отырып, оқушылар өз ойларын парақ бетіне түсіре білді.
Осы атаулы сурет байқауында белсенділігімен көзге түскен оқушыларды атап айтар болсақ, 7 «Ә» сыныбы Кіребек Гүлбаршын, 8 «Ә» Есіркеп Данайа, Ыдырыс Шұғыла, Мұханқызы Нұрай, 8 «Б» Шалқарқызы Ақмаржан, Бибіт Дина 8 «А» Махмұддин Нұрай.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=628837704921690&id=100033863970199