«Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында шығарма
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей -жалпы орта мектеп КММ-сінде қараша айының 15.11.2021 ж күні тәрбие сағатында «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында шығарма жазылды.
15 қараша күні 7 «А» сыныбының жетекшісі А.Нұржанова тәрбие сағатында «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында оқушылардан шығарма алды.
Мақсаты: Нашақорлық ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып,алдын алу,саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр дерті жүргендігі жайында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар да өз ойларын еркін жеткізе отырып, есірткіге деген көзқарастарын қағаз бетіне түсірді.
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес. Есірткі бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты. Сондықтан да, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барлығымыз бірге осы ғасыр дертімен күресуге міндеттіміз. Оқушылар ерекше дайындықпен өздерін жан-жақты көрсете білді. Болашағына байыппен қарап, барын бағалай білетін, ұрпағын үмітіне сай тәрбиелеген ел озады. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда екенін келер ұрпаққа жеткізейік.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=620937492378378&id=100033863970199