Рейд жүргізу
Түркістан облысы білім басқармасының Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №132 бұйрығына сәйкес,“Шаян” мектеп-лицей” КММ-інде мектеп бітіру іс-шараларының талапқа сай өткізілуін қадағалау мақсатында бала қауіпсіздігін сақтау түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара барысында оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптары мен белгіленген ережелер кеңінен түсіндіріліп, мектеп бітіру кештерін қоғамдық орындарда өткізбеу жөнінде ескертулер берілді. Осы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру және бақылау мақсатында 7 комиссия құралды.Қазіргң таңда комиссия мүшелері ауыл аумағында рейдтік шаралар жүргізуде. Бәйдібек АПБ ҚҚБ УПИ полиция лейтенанты Ө.Сағынбаймен бірлесіп түнгі уақыттарда көшелерді, демалыс орындарын және қоғамдық орындарды аралап, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Сонымен қатар, мектеп бітіру кештерін заңсыз ұйымдастырудың алдын алу мақсатында бақылау жұмыстары күшейтілді. #Балалық_белестері #Мектебім_жүрегімде #Балалықтан_болашаққа #Жас _түлек #Заң және тәртіп #Біртұтас тәрбие #Түркістан
|

