Соңғы қоңырау» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2026

Соңғы қоңырау»

2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай “Шаян” мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білімім – Отаныма» атты «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған мерекелік кешке ауданымыздың құрметті азаматтары, құқық қорғау саласының өкілдері, партия және білім саласының мамандары арнайы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді.

Мерекелік іс-шараның қадірлі қонақтары:

 Әуен Фазылбек Мұхадасұлы – Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратының басшысы;

– Нұрым Абдуллаев – Түркістан облысы полиция департаменті полиция полковнигі;

 Ғалымжан Рахымжанұлы Құрбаналиев – Бәйдібек аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция майоры;

 Ақбала Аманбайқызы Құлымбет – «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы;

 Абзал Тұрғанбекұлы Айтбеков – Бәйдібек аудандық білім бөлімі бас маманы қатысты.

Салтанатты жиын барысында мектеп директоры оқу жылының қорытындысына тоқталып, білім мен тәрбие жолында табысты еңбек еткен ұстаздар қауымына алғысын білдірді. Сонымен қатар биылғы оқу жылында жетістікке жеткен озат оқушылар мен түрлі байқау, олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

Қонақтар өз сөздерінде жас түлектерге үлкен өмір жолында сәттілік тілеп, ел болашағы – білімді жастардың қолында екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ оқушыларды Отанын сүюге, адал еңбек етуге, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге шақырды.

Мерекелік бағдарлама барысында оқушылардың ән-жырлары шырқалып, әсерлі билер мен жүрек тебірентерлік қоштасу сәттері көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Түлектер ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен шексіз алғыстарын білдіріп, мектеппен қимастықпен қоштасты.

«Білімім – Отаныма» атты «Соңғы қоңырау» салтанаты шәкірттердің мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар маңызды белесі ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілік көңілінен шыққан тағылымды мереке болды.

#Балалық_белестері

#Мектебім_жүрегімде

#Балалықтан_болашаққа

#Жас-түлек

#Заңжәнетәртіп

#Біртұтастәрбие

#Түркістан


https://www.facebook.com/share/p/

1Cp6auPioN/?mibextid=wwXIfr








Похожие публикации:

16 февраль 2024 Алғашқы қоңырыу