Конкурс жариялайды «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2024

Конкурс жариялайды «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі»

«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян»   мектеп-лицей» КММ-сі  орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі бос  лауазымына конкурс жариялайды

1

Білім беру ұйымының атауы

Түркістан облысы  білім басқармасы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян»  мектеп-лицей»КММ 

орналасқан жері, пошталық 

мекенжайы

Қазақстан Республикасы,  Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көшесі  №    88

телефон нөмірлері:     8 (725-48) 2-17-88, 

электрондық пошта Shayan_litzei@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос     лауазымның  атауы, жүктемесі

«орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» бос лауазымы, 16 сағат


негізгі лауазымдық

міндеттері


мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

   білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

   білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

   білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

   пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

  бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

   оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

     білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

   оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

   инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

  ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

  арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

  интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

   әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

 ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілікті арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен 

шарттары


- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сəйкес төленеді;

- арнайы орта білім (min): 161574 теңге;

- жоғары білім (min): 171307 теңге

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік 

сипаттамаларымен бекітілген 

кандидатқа

қойылатын біліктілік талаптары


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық  жұмыс өтілі 5 жыл.

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі 

11.11 - 19.11.2024 жыл


Конкурс өтетін күн

27.11.2024 жыл

5

Қажетті құжаттар тізбесі

1)15-қосымшаға сəйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куəландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған 

электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы(нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға 

қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың  көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куəлік (болған жағдайда);

10) 16-қосымшаға сəйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

11)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрзентациясы (өзін-өзі таныстыруы) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы -720х480.