Наурыз мейрамы қарсаңында ауыл тазалығын сақтауға үлес қосу
Мектеп ұжымымен
сенбілік ұйымдастырылды.
"Шаян"мектеп-лицей"" КММ қызметкерлері жыл басы Наурыз мейрамы қарсаңында ауыл тазалығын сақтауға үлес қосу мақсатында аудан көлемінде 16.03.2024жылы өткізілген сенбілікке ұйымшылдықпен қатысты. Мектеп ауласына ағаш отырғызып, Бәйдібек Қарашаұлы көшесі бойындағы қыстан қалған қоқыстарды сыпыру, жолдың жүріс бөлігінің жиегін мұздан, қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Ауыл тазалығының сақталуына өз үлестерін қосып белсенділік танытқан ұжымдастарымызға айтар алғысымыз шексіз.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1127328838405905&set=pcb.1127329275072528&__cft__[0]=AZUlwBMXyDwGrzFejrKCnGC1gJSf1bME7xWafHvqfyVq7I31kIiqEr4sJwXOtg5RC4VB8IuWwHeiWi9wh8wgooXX4oOy2-Ob-7Cz5ESRTp4PYawCm_592X28Ga_cqaQipSvXSf60FedG12IiXy7SnfEqFpK0hlup5sCm11W0PLQdsg&__tn__=*bH-R |