"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ,, сайысы
"Шаян" мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ,,Көркем сөз,, "Жас қаламгер және "Айтыс",, үйірмесінің 5-7 сынып оқушылары арасында 07.12.2023 жылы "мектеп оқушыларының оқуға құштарлығын арттыру мақсатында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ,, сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды "Сөз мәйегі-мақал дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Мақал-мәтел-ата бабамыздан қалған өшпес мұра.Тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.Оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып атсалысты. Ақын, жазушылардың өлеңдері мен поэма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, мағыналы ойды маржан сөздермен жеткізе білді. Сайыс соңында 1-орын 6"А" сынып оқушысы Құдияр Әбілмансұр.2-орын 6"Ә" сынып оқушысы Мұратбек Нұрболат, 3-орын 6"Ә" сынып оқушысы Ыдырыс Мухаббат, 5" Б" сынып оқушысы Берік Еркеназ марапатталды.Іс-шара өз деңгейінде өткізілді. |