"Алтын күз -2023" тақырыбында іс -шара
#Біртұтас_тәрбие«Шаян»мектеп-лицей»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 қазан күні 8-11сыныптар арасында "Күз -мереке,күз-береке" атты химия ,биология апталығының жоспарына сәйкес "Алтын күз -2023" тақырыбында іс -шара болып өтті. Іс -шараның мақсаты: 1. « Алтын күз-2023» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. 2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. 3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Мектебіміздің 11"Ә" сынып оқушылары Бақытжанұлы Нұрсұлтан мен Жамбыл Адэля аса белсенділікпен көзге түсіп ханзада мен ханшайым атағын жеңіп алды |