"Қаржылық сауаттылық"
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы , "Шаян"мектеп лицей мемлекеттік мекемесінің 11"Ә"-сынып жетекшісі Ергешова Айнұр ҚР азаматтары бойындағы қаржылық сауаттылықты жасөспірім кезінен қалыптастыру; өңірдегі өзекті мәселеге айналған қаржылық пирамидалардың алдын алу; азаматтардың жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық әрекетті қалыптастыру; азаматтардың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру; қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында сынып оқушыларына "Қаржылық сауаттылық" тақырыбында арнайы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында сынып жетекші оқушыларға қаржылық сауаттылығы туралы бейнеролик көрсетіп, "Қаржылық приамидасы" туралы анықтамалар беріп, Қаржылық алаяқтықтың түрлері: • Банк карталарын қолдану арқылы алдап, арбау • Интернет желісіндегі алаяқтық • Мобилді телефонды қолдану арқылы алдап, арбау туралы кеңінен мәліметтер беріп, оқушылармен талқылады. Мектепте «Smart Start: Қаржылық табысқа жету үшін жас сананы тәрбиелеу» акциясы өз дәрежесінде өтілді. |
