13
апрель
2022
Бейбітшілік және мейірімділік періштелері» атты тақырыбында «Көркем сурет» үйірмесінің оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Бәйдібек аудандық «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 жылдың 4-қазан «Бейбітшілік және мейірімділік періштелері» атты тақырыбында «Көркем сурет» үйірмесінің оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Осы атаулы сурет байқауына орай оқушылар белсене қатысты. Белсенділігімен көзге түскен оқушыларды атап айтатын болсақ, 8 «Ә» Есіркеп Данайя, Қасым Жасмина, Алпамысқызы Арайлым. Шалқарқызы Ақмаржан, Бейбіт Дина, 8 «А» Махмуддин Нұрай, 6 «Ә» Анарбек Мөлдір, 6 «Ә» Жанатбек Аружан.