ҰБТ - Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына кеңес
Мектеп бітіруші түлектерге мен ата-аналарына кеңес.

ҰБТ – оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. ҰБТ–ке дайындық көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық күй-жайынан оларды нашар күйзеліске, стреске әкеп соқтыруы мүмкін. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдылығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, ҰБТ-ке  деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуден туындайтын «түсініксіз» сезімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.  Сондықтан оқушыларды кез-келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін  ұстай білуге үйретудің маңызы зор.

ҰБТ – ға дайындық барысында  оқушыларға жан – жақты көмек көрсетілуі қажет.

Ата – ананың көмегі: балаға жайлы жағдай тудыру қажет. Баланың ыңғайлы

отырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын, баланың назарын ештеңе алаңдатпайтынын  қадағалауы қажет.    Бала  көңіл – күйінің оның әдеттегі  нормасына сәйкестігіне (тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлылығын және т.б.)  көз жеткізіңіз.  Тестке дайындық барысында  нейтралитетті  жағдай сақталу қажет :

-         баланы сәтті орындалған тапсырмалары үшін мадақтау, күманданған жағдайларда демеу көрсетілу қажет;

Ата – ана баласына сену, үнемі көмектесу  және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек.

Мұғалімдердің көмегі:

-         пән мұғалімдері мен сынып оқушыларының  арасында жағымды қарым – қатынас орнатуға жағдай жасау;

-         оқушылардың  көтеріңкі  көңіл – күйде болуына ықпал ету;

-         ата – аналарымен  және мектеп психологымен тығыз  байланыста  болу;

Мектеп психологының көмегі:

ҰБТ тапсыру кезінде негізгі қиындықтар бітірушілердің емтихан жағдаятын қабылдау ерекшелігіне, өзін - өзі бақылаудың жеткіліксіз дамуына және стреске қарсы тұруының төмендігі мен өзін – өзі реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұл қиындықтарды жеңу үшін:

Оқушыларды ҰБТ ерекшелігінің жүргізілу барысы жайлы жалпы бағыт-бағдар беру мақсатында дәрістер жүргізу.

Стреске  қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату:

А)  стресс жағдайында үрейді жеңудің негізгі әдістерімен таныстыру;

Ә)  өз - өзіне сенімділігін  арттыру;

Б)  ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін – өзі бақылауды дамыту қажет.

Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады ?

Мақсаты:  Емтиханға дайындалудың нақты әр түрлі әдіс тәсілдерімен таныстыру.

Психологиялық жағынан өзін-өзі қалай дайындау керек.

Кез-келген ситуациялық жағдайларда адам өзін-өзі ұстай біліп, ешуақытта өзіне артық талап қоймай, мақсатқа жету үшін ситуациялық жағдайдың ушығып кетуіне дейін бармау керек.

Емтиханға дайындық:

-         қиын материалды  оқығанда  сабырлық сақтап, кішкенеден бөліп-бөліп баста;

-         егер ойыңды жинақтау қиындыққа түссе, күшіңді жинап, оңай жерлерін есіңде сақтап қалуға тырыс;

-         шаршағаныңды, яғни ішкі ағзаларға түсірілген күшті сәйкесінше жоюға қатысты жаттығулар жаса .

Көз шаршағанда не істеу керек ?

Емтиханға дайындық барысында әрине ең бірінші көзге  көп  салмақ  түседі. Егер көз шаршаса, адам ағзасының да шаршағаны. Әрі қарай дайындалуға, яғни емтихан тапсырмаларын орындауға толық мүмкіндігің жетпейді. Сондықтан, көзіңнің шаршағанын басып, дем алу  қажет.

Ол үшін мынадай жаттығулар жасауға болады:

-         жоғары – төмен қара (25 сек.);

-         солға – оңға  қара (15 сек.);

-         көзіңмен  аты-жөніңді жаз;

-         бір затқа көзіңді тоқтатып қара (20 сек.);

-         алдыңда тұрған параққа көз тоқтатып қара (20 сек.);

-         көзбен сағат тіліне қарсы және бағыттас бағытта үшбұрыш, төртбұрыш сал.

Немесе мынадай кешенді жаттығулар жасауға болады:

1-жаттығу. Көзді қатты 3-5 секундқа жұмып, ашады. Осыны 6-8 рет қайталайды. Жаттығу көз қабығының бұлшық  етін шынықтырады, көз еттерін босатады және қан айналысын жақсартады.

2-жаттығу. Көзді  1-2 минут тез жыпылықтату. Қан айналысын жақсартады.

3-жаттығу. Екі саусақ көмегімен айналдыра  массаж жасау. Бұлшық еттерді босатып, қан тамырларының  жұмысын жақсартады.

4-жаттығу. Екі қолды жәй оңнан солға жылжытып, басты қозғалтпай, көзбен қолдың ізін қарау керек. Жаттығуды 10-12 рет қайталау  көздің бұлшық етін, бір нәрсеге қарағанда координациясын жақсартады.

5-жаттығу. 1  – алысқа (қабырғаға) қарау;

2 – оймен арақашықтықты 2 бөлікке бөлу, белгілі бір нүкте қойып, соған қарау;

3 – оймен нүктеге дейінгі арақашықтықты 2 – ге бөлу;

4 – оймен 2-ші нүктені жартыға бөлу, сөйтіп 3-ші нүктеге қарау. Жаттығуды 8-10 рет қайталау қажет. Жаттығу көздің арақашықтықты бағалауын, ішкі және сыртқы бұлшық еттері қызметінің координациясын жақсартады.

6-жаттығу. Терезе алдында тұрып, қолды алға созып, бас бармағыңызды көтеріп, саусағыңызға 5-10секунд қараңыз. Көзіңізді терезенің ар жағындағы қашықтықта орналасқан затқа қадаңыз: көрші үй, көше шамдары. Затқа 10-15 секундтай көрінгенше қараңыз.Бұл жаттығуды орындағанда  көзбұршағының қалыңдығы мен аккомодацияны қамтамасыз ететін бұлшық еттердің жұмысы жақсарады.

Тамақтану.

Витамині көп,  күніне үш – төрт мезгіл колориді көп тамақ жеу керек. Тамақтану барысында грех жаңғағын, сүт, айран, балық, ет, жеміс – жидек, шоколад жеген дұрыс. Емтихан алдында тамаққа тойып бармау керек.

Көп материалды қалай есте сақтауға болады ?

Материалды сұрақ бойынша қайталау керек. Ең бірінші есіңе түсір және міндетті түрде  не білетініңді  қысқаша жаз, сосын барып өзіңді тексер. Оқулықты оқи отырып, негізгі керек жерін бөліп алып отыр – бұл бөлімнің негізгі тірегі, яғни жауабы. Әрбір оқыған сұраққа жоспар құрып, қағазға жазып үйрен. Дайындықтың соңғы күні сол  қағазға  қарап есіңе түсіріп ал.

Ойлау  қабілетін қалай дамытуға болады?

Тыңдай және тиянақты жауап бере білу керек. Сонымен қатар, керек

кезінде өзіңді ұстай біл,  айтарың болмаса үндеме.

Ойлаудың өзі білімсіз тумайды. Жинаған біліміңізді ойға күш түсіру

арқылы көрсете аласыз.

Ойлауды дамыту – ақылды біліммен нәрлендіру (толықтыру, сіңіру).

Білім ошағы әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітап, теледидар, адамдар. Олар бір зат туралы және оның пайда болу жолдары туралы мәлімет береді.

Ой сұрақтан туады. Барлық ашылған жаңалықтар «неге?», «қалай ?» сұрақтарынан туған. Сұрақ қоя білуді және оған жауап таба білуді үйрен.

Егер дайын стандарт шешімдерінен қалаған шешімдеріңізді алу мүмкіндігі болмаса, ойлау жанданады. Сондықтан, ойлауды дамыту үшін ең әуелі  сол затты немесе құбылысты жан-жағынан қарап, қыр-сырын анықтап, жаңа жақтарын таба білу керек.

Ойлаудың  қажетті  қасиеттерінің  бірі – бір заттың екінші заттан айырмашылығы.

Обьектіні  жан-жақты қабылдай алсаңыз, соншалықты ойлау қабілеті дамып отырады. Оны түрлі логикалық есептер шығару, түрлі ойындар ойнау арқылы да дамытуға болады.

Сөйлеу мен ойлауды бөліп қарауға болмайды, себебі ойлаудың

нәтижесін сөйлеу арқылы көрсетеміз.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары.

Үзіліссіз оқығаннан гөрі, дем алып оқыған, ал топтастырып жаттағаннан  гөрі бөліп-бөліп жаттаған дұрыс.

Жай оқи бергеннен гөрі көп уақыт есте сақтағаныңды  қайта жаңғыртып, қайталағаның дұрыс.

Егер кең ауқымды және кішкентай көлемдегі қос материалмен жұмыс жасасаң, онда бірінші  кең  ауқымды материалдан  бастағаның дұрыс.

Адам  көрген түсін есте  сақтамайды, ал бірақ есінде қалады.

Жұмыс істеу қабілетін арттыру жағдайы.

Дене еңбегімен ой еңбегін кезектестіріп отыру керек.

Ми клеткаларында, адам ағзаларында қан айналымын жақсарту үшін мынадай жаттығулар жасау керек (баспен  тұру, дөңгеленіп айналу).

Көзді күту керек, әрбір 20 - 30 минут сайын көзді кітаптан алып, алысқа қарау керек.

Теледидарға қарап, жаңалықтар  тыңдау  керек.

Кинезиологиялық жаттығулар.

Мақсаты: танымдық  қабілеттерін арттыруға жағдай жасау.

Нұсқау: 1. Сұқ  саусақпен келесі қолдың алақанының ортасын  және әрбір саусақтың  тұсын өзіңе сезілетіндей  айналдыра нұқимыз және  керісінше. Сосын келесі оң жақ қолға дәл осы жаттығуды  қайталаймыз.

Екі қолыңды алға қарай соз. Одан соң  саусақтарыңмен алақандарыңды қыс.

Қолыңды оңнан  солға қарай,  аяқты  солдан оңға  қарай айналдыр. Сосын келесі қол мен аяққа ауыстыр.

Қолдарыңды тізелеріңнің үстіне айқастырып қойыңдар. «Алақан соғыңдар» деген бұйрық берілгенде, алақандарыңды соғып, қолдарыңды керісінше айқастырыңдар.

Психикалық  жүйке әсерін  төмендету  әдістері.

Релаксация – күш салу – релаксация – күш салу – тағы солай.

Дене  шынықтыру жаттығулары.

Контрасты душ.

Кір  жуу.

Ыдысты  жуу.

Газетті  жыртып, кейін оны  қоқысқа  тастау.

Сайыс: өзіңді кернеп  тұрған  эмоцияларыңды, қорқыныш  сезімдеріңді уқаланған газетке салып, оны ең кішкентай пішінге  келтір де, ең алыс жерге  лақтыр.

Газетті  өте ұсақтап жырту, кейін лақтырып тастау.

Газеттен  өзіңнің  көңіл – күйіңді жасау, құрастыру.

Газетті әртүрлі  бояулармен  бояу.

Өзіңнің  жақсы  көретін әніңді өте жоғары дауыспен айту.

Бірде  қатты, бірде ақырын ғана  айқайлау.

Жылдам да, баяу да ойнайтын музыкаға билеу.

Жанып  тұрған  шамға  қарап  отыру.

10 рет терең  тыныс  алу.

Орманға барып серуендеу, онда  айқайлауға да болады.

Тістерді  тілмен сезіп, санау.

Стресті қалай жеңуге болады?

СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық   тұрғыдан  күштену қалпы. Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т.б. Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Не істеу керек? Ең алдымен  өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертуіңіз қажет. Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз.»  «Істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» дейді шығыс даналығы. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз.

Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар.

Стрестің психологиялық белгілері: ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, бауырларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

Жаттығу «Өзіңді тексер».

-  Адамдарға көңіл – күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба ?

-  Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба ? Қарсылықты тура білдіресіз бе, әлде «бұл қиын» деп айтасыз ба ?

-  Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба ?

-  Сіз адамдармен қатаңдық танытпай, паңданбай  қатынасқа түсе аласыз ба ?

-  Достарыңызға ешбір мақсат  көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?

-  Сіз адамның  көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?

-  Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба ? Өзіңізді – өзіңіз  сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер ететінін түсінесіз бе ?

«Мен ғажаппын!»

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуыңыз  үшін өзіңізді, өмірлік іс - әрекетіңізді лайықты бағалай білуіңіз керек. Өзіңізге арнап неғұрлым  жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айтып, өзіңізді - өзіңіз дұрыс бағалағаныңыз жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.  Мысалы:

-         Мен осы өмірге келуіммен  кереметпін.

-         Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

-         Мен ғажаппын, мен кереметпін.

-         Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

-         Мен өмірді сүйемін.